RAVENOL компаниясының технологиялық серіктесі Prema Racing командасы Мизанода өткен Италия Формула-4 чемпионатының алтыншы кезеңін үш жарыста үш жеңіс және үш подиуммен аяқтады.

Команда пилоты Кристиан Костоя (Christian Costoya) осы уикендте жеңілмес болды: үш жеңістің бәрі соған тиесілі. Оның екеуіне ол поул-позициядан старт алып қол жеткізсе, тағы біреуін екінші қатардан бастап жеңіп алды. Бұл осы маусымда әлі жеңісі былай тұрсын, тіпті бірде-бір подиумы болмаған пилот үшін бірегей нәтиже.

Тағы бір шабандоз — қазіргі уақытта жеке есепте екінші орында келе жатқан Альп Аксой (Alp Aksoy) үш рет подиумға көтерілді: оның еншісінде екі күміс және бір қола бар.

Өзінің алғашқы жарысында Костойя үшінші болып старт алып, алдындағы екі пилот көшбасшылық үшін күресіп жатқанда күту позициясын ұстанды, содан кейін жағдайды пайдаланып, мәреге бірінші болып келді. Келесі екі жарыста Кристиан старттан мәреге дейін жарыстың барысын толық бақылауда ұстап, маусымдағы ең үздік өнерін көрсетіп, хет-трик жасады.

«Бұл шынымен де тамаша уикенд болды», — деді Костойя. — «Бұл жолы біз жаңбыр болсын, құрғақ ауа райы болсын, кез келген жағдайда өте мықты болдық. Біз қатарынан үш жеңіске жеттік, бұл тек менің өнерімнің ғана емес, сонымен қатар команданың ұзақ уақыт бойы атқарған жұмысының шынымен жақсы әрі маңызды нәтижесі, сондықтан оларға үлкен рақмет».

Маусымның соңғы кезеңі қазан айының соңғы демалыс күндері Мюджеллода өтеді. Альп Аксой жалпы есепте екінші орында және жаңадан бастаушылар арасында көш бастап тұр. Командалық есепте Prema Racing сенімді түрде екінші орынды сақтап қалды.
0 комментариев