RAVENOL компаниясының технологиялық қолдауымен ралли-кростан әлем чемпионате шағын, «отбасылық» Bergen Motorsport Evolution командасының атынан өнер көрсететін норвегиялық спортшы Андреас Баккеруд (Andreas Bakkerud) таңғажайып маусым өткізіп, маусымның басында дәмелене қоюы екіталай жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Баккеруд RAVENOL майы құйылған өзінің Ford Fiesta көлігемен осы маусымда бірден екі кезеңде – Венгрия мен Ирландияда жеңіске жетті және Франциядағы бесінші кезеңде екінші орынға көтеріліп, тіпті сегіз дүркін әлем чемпионы Йохан Кристофферсоннан (Johan Kristoffersson) озып, чемпионаттың абсолюттік есебінде көш бастай алды!

Баккеруд Португалиядағы қос финалға барынша қолайлы позицияда келді, бірақ Лусадада бірден бәрі қисық кетті. Мәселелер жаттығуларда дұрыс дайындалуға мүмкіндік бермеген бірнеше дөңгелектің тесілуінен басталды, содан кейін ширек финалда тағы бір дөңгелек тесілді – осылайша есептегі бүкіл жағдай Баккеруд үшін мүлдем керісінше өзгерді.
Сәтсіздік екінші күні де жалғасты, ол тек Кристофферсоннан ғана емес, сонымен бірге Юха Риктоненнен (Juha Rytkönen) де жеңіліп, қорытындысында үшінші орынға сырғыды.

Осы айқын көңіл қалушылыққа қарамастан, 34 жастағы шабандоз отбасы мүшелері мен достарынан құралған оның шағын командасы бүкіл маусым бойы Кристофферссон сияқты титанмен терезесі тең күрескеніне риза.
Баккеруд бұл мықты маусымның арқасында титул үшін күресудің шынайы мүмкіндігін көргенін де атап өтті.

«Қазіргі сәтте ішімде сәл өкініш бар», — деді Баккеруд. — «Йохан Кристофферссоннан озып, чемпионатта көш бастау ғажап еді. Бірақ, өкінішке орай, әрі қарай дұрыс болмауы мүмкін нәрсенің бәрі теріс кетті! Сәтсіздіктің кесірінен күресе алмауды қабылдау қиын, өйткені бұл үшін бәріміз көп нәрсені құрбан етеміз — тек мен емес, бүкіл команда, соның ішінде базада аянбай еңбек етіп жатқандар да.
Дегенмен, мен қол жеткізген нәтижелерімізді және бүкіл маусым бойы көрсеткен деңгейімізді мақтан тұтамын. Біз осындай позицияға жету үшін күндіз-түні тынбай жұмыс істеп, аянбай күрестік және кез келген қарсыласпен бәсекелесе алатынымызды дәлелдедік».
Андреас Баккерудтың Ford Fiesta көлігіне RAVENOL RRS 5W-50 мотор майы құйылған, ал беріліс қорабында RAVENOL Racing Gearoil қолданылады.
1 комментарий
-
Мелисса
2026-10-13 04:42:03Предлагаем кассовые чеки, отчетные закрывающие документы для бухучета и налоговой. По любым интересующим Вас товарам или услугам, суммам. В некоторых случаях возможно задними числами.
Легально - чеки можно проверить через официальный портал ФНС. Без предоплат, гарантия 3 года.
Подробнее и связь: https://dzinformers.ru/tg-receipts-JMbZrkSNsf